Обама жайлы 30 дерек

1. Ол «Өрмекші адам» комикстерін жинаушы ретінде танылған;
2. Баскетболдағы жетістігі үшін мектебіндегілер оны «O’Bomber» деп атаған;
3. Оның сүйікті асы – әйелі Мишель жасап беретін ас шаяны қосылған лингвини;
4. Ол «Сөйлеу жанрындағы үздік альбом» аталымы бойынша Грэмми сыйлығын алған;
5. Ол солақай;
6. Гарри Поттер жайлы барлық кітапты оқып тастаған;
7. Аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлидің қолы қойылған былғары қолғабы бар;
8. Ол жасөспірім кезінде Баскин-Роббинс балмұздақ сататын дүкенінде жұмыс жасаған. Сондықтан да ол балмұздақты жек көреді;
9. Ол испан тілінде сөйлей алады;
10. Президенттік жарысқа түспес бұрын ол Мишельге темекіні тастаймын деп уәде берген. Тастамады;
11. Президенттікке үміткер болып, дауыс анықталар сәтте CNN арнасын қоспай, спорттық арналарды көріп отыра берген;
12. Индонезияда оның Тата атты маймылы болған;
13. Жатып 90 келі салмақты көтере алады;
14. Оның сүйікті кітабы – «Моби Дик», Герман Мелвил;
15. 1996 жылы Британияда өз қарындасының күйеуімен бірге бір кеште отырған ол бөлмеге стриптиз бишілері кіріп келгенде кетіп қалған;
16. Ол жұмыс үстелін Роберт Кеннедиден алған;
17. Обаманың туысқаны өте көп. Себебі оның әкесінің бабалары бірнеше әйелден алатын болған;
18. Обама Махатма Ганди, Авраам Линкольн және Мартин Лютер Кингтерге еліктеуге тырысқан;
19. Барактың шешесінің бабалары құл ұстаған адамдар екен;
20. Былтыр өз кітабын саудалап, 4,2 миллион доллар табыс тапқан;
21. Сүйікті фильмдері – «Касабланка» мен «Көкектің ұясының үстінен ұшқанда» (Пролетая над гнездом кукушки)
22. Обама Scrabble және покер ойындарын жақсы көреді;
23. Ол кофе мен алкогольді ішімдік ішпейді;
24. Ол президент болмаса сәулетші болар еді;
25. Бұты түсіп тұратын шалбар кигісі келмейді;
26. Ол Apple компаниясының ноутбугын қолданады;
27. Қазіргі көлігі Ford Escape Hybrid. Ал оған дейін Chrysler 300 айдаған.
28. 1500$ тұратын Hart Schaffner Marx костюмін киеді;
29. Құпия қауіпсіздік қызметінің агенттері оны «Сатқын» деп атайды, ал оны әжесі «қонжық» деп еркелетіпті.
30. Барак Обама тура 53 жыл бұрын 4 тамызда дүниеге келген. 

Дереккөз: #kyzykworld

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған