Қорқынышын жеңген кішкентай қасқыр

   Қалың орманда алаңқайдың шетінде құлаған ағаш жатты. Ағаштың тамырының астында інге кіретін жол бар еді. Бұл кең, жайлы ін болатын: еденге жылы және жұмсақ болу үшін сабан төселген, ал тамырлар мен топырақтан жасалған төбесі жаңбырдан қорғайтын. Бұл інде үлкен және азулы Әке-Қасқыр, Ана-Қасқыр (ол да күшті және азулы болатын, бірақ денесі күйеуінен кішкентай еді) және бала- Қасқыр тұрды. Бала-Қасқырдың аяқтары қысқарақ, тістері кішірек, ал жүні жұп-жұмсақ және қалың еді.

    Әке-Қасқыр түні бойы аң аулайтын, ал бала-Қасқыр анасының жылы бүйіріне тұмсығын тығып тез ұйықтап қалатын. Бір кездері қасқырларға қорек болатын аңдар бұлардың інінен алысқа кетіп қалып, Әке-Қасқыр үш күн бойы тамақ болатын ештеңе әкелмеді. Отбасылық кеңесте келесі жолы Ана-Қасқыр Әке- Қасқырмен бірге аңға шығатын болды – екеулеп аң аулау жеңілірек.
— Анам, мен қайда қаламын?- деп сұрады бала Қасқыр.- Мен жалғыз қаламын ба? Түнде?
— Бәрі де жақсы болады, балам! Сен үлкен емессің бе. Біз табысымызбен таң ата келеміз,- деді де Ана-Қасқыр баласының маңдайынан сипады. Оның шешесін жібергісі келмеді, бірақ басқа амал жоқ еді. Міне, ата-анасы кетті де, бала жалғыз қалды.
   

   Күн ұясына отырды да, лезде қараңғылық басты. Бала-Қасқыр ұйықтап қалуға қанша тырысса да ұйқысы келмей қоды. Ол әрбір дыбысты тыңдап, көзін ашып ала берді. Іннің қабырғаларынан оған қорқынышты көлеңкелер көрінгендей болды. Олар біресе көрініп, біресе ақырын-ақырын өзіне қарай еңбектеп келе жатқандай болды. Сосын ол сабанның арасына кіріп кетті де, аяқтарымен бетін және құлақтарын жауып алды.
   Әлдекім қорқыта пысқырып, іннің жанынан қатты басып жүргендей болды. Осылайша бір сағаттай уақыт өтті. Ал ұйқысы қашып кетті. Қасақана қылғандай жаңбыр басталды. Қатты жауғаны сондай, кешікпей жоғарыдан Бала Қасқырдың мұрнына су тамшылады, негізі төбе жұқарған ғой. Бала-Қасқыр іннің басқа бұрышына ауысты, кенеттен өзінің жалғыз емес екендігін, біреудің жыбырлап жер астынан шыққанын сезді. Бала-Қасқырдың қорыққаны сонша, қол-аяғы дірілдеп кетті. Күтпеген жерден іннен дауыс шықты:
— Мен қайдамын? Және мұнда, жел өтіндегі құрғақ жапырақ сияқты кім дірілдеп тұр? 

Дауыс қорқынышты емес, керісінше жылы естілді. Бала-Қасқыр қорқынышын жеңіп:

— Бұл, мен, Бала-Қасқырмын. Ал сен кімсің?- деді.
— Мен, Көртышқан ағаймын. Менің інімді жаңбыр суы басып кетті де, жылдам ін қазуға тура келді. Ал сенің інің жылы және құрғақ. Мұндай інде алаңсыз таң атқанша ұйықтауға болады.
— Бірақ, мұнда қараңғы, жалғызсырайсың және қорқынышты,-деді Бала-Қасқыр.
— Мына қара, қараңғы дейсің бе?- деп Көртышқан ағай таң қалды. – Ал сен білесің бе, біз, кроттар, түнде түгіл күндіз де көрмейміз. Бірақ, біз өте жақсы естиміз және иістерді айыра аламыз. Мен саған қараңғыдан қорықпауды үйретемін, тек ертең. Ал қазір көзіңді жап! Мен сенімен бірге бола тұрамын.
   Көртышқан ағай Бала-Қасқырмен қатар отырды да, оған ертегі айта бастады. Ертегі өте қызық және жақсы оқиғалармен болды, Бала-Қасқыр тынышталды да ұйықтап қалды.
   Таңертең ата-анасы үйлеріне келді. Ана –Қасқыр Бала-Қасқыр үшін өте қобалжыған еді, сондықтан ол ойлағандай аң да аулай алмай үйіне бос қайтты. Ата-анасы дем алып жатты., ал Бала-Қасқыр серуендеп жүрді. «Қызық, Көртышқан ағай қалай маған көмектеседі?» деп ойлады Бала-Қасқыр.
Қасқыр әке оянғанда, Бала-Қасқыр оған жұқарған төбе туралы айтты.
Менімен бірге жүр,- деді оған Әке-Қасқыр,- маған көмектесесің.
   Олар төбенің тесігін жабу үшін топырақты шөп жинауға бет алды. Әкесі баласымен індерінің төбесін ұйымдасып жауып тастады.
– Болды, балам, шаршадың ба?- деп сұрады әкесі.
– Аздап,- деді Бала-Қасқыр, бірақ жұмыс істеуін тоқтатқан жоқ – пайдасы тигеніне ол өте қуанышты еді.
Кешке ата-анасы тағы да аңға шығуға жиналды, ал Бала-Қасқыр інде Көртышқан ағайды күтіп жатты. Міне, таныс сыбдыр да естілді-ау, және артынша Көртышқан ағайдың тұмсығы да көрінді.
— Бала-Қасқыр, сен осындасың ба?- деп сұрады ол.
— Иә, мен сені күтіп отырмын!- деп қуана жауап берді Бала-Қасқыр.
— Ал, мен саған бірдеңе әкелдім,- деп мақтанды Көртышқан ағай және қоңырау гүлдер алып шықты. Гүлдің шәшкелерінде жарық беретін көбелектер отырды. Іннің іші тез арада ақшыл жасыл түсті жарыққа боянды. – Бұл саған, кішкентай қасқыр! Енді қараңғылық саған қорқынышты емес! 

— Қандай тамаша! – деп қуанды Бала-Қасқыр. – Енді менің жарық беретін көбелектер бар!
Ол қоңырау-гүлді қолына алып, іннің бұрышына барды да, сабанды ысырып былай деді:
— Ах, міне, кім маған жыбырлап ұйқы бермейді! Мынау жер құрты ғой,-деді.
Кенеттен есік артынан біреудің тез басқан аяқ дыбысы және пысқырғаны естілді. Бала-Қасқыр іннен шығып, жарық беретін көбелектер бар тәрелкені басынан жоғары көтерді.
— Бұл жай Кірпі ғой, ал мен қорықтым,- деп қуанды Бала-Қасқыр, содан соң:
— Ал қабырғаларда еңбектеп жүретін көлеңкелер ше, олар кімдер,- деп сұрады.
— Ол ағаштардың көлеңкесі. Оларды жел тербетеді де көлеңке тербеледі, — деп түсіндірді.
— Саған көп рахмет! Енді мен қорқатын ештеңе жоқ екенін білемін. Міне, мына оттарды ал. – Осы сөздермен Бала-Қасқыр Көртышқан ағайға жарық беретін көбелектері бар қоңырау гүлді ұсынды. – Мүмкін олар тағы басқа балаларға да көмектесер.
— Сен жарайсың! Сен жарық беретін көбелектермен жолыңа жарық түсіріп өзіңнің қорқынышыңды жеңіп шықтың! Саған жақсылық тілеймін! – деді де Көртышқан ағай жер астына сүңгіп кетті.
Іннің іші қап-қараңғы болды. Бірақ қараңғылық Бала-Қасқырды енді қорқыта алмайды. Түнде тағы да қатты жаңбыр жауса да, жөнделген төбеден ақпады. Бұл түнде Бала-Қасқырдың ата-анасының жолы болды. Таңертең Бала-Қасқыр- ды тәтті тағам күтіп тұрды.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған