Осы рас па?

…қайықты өз тұқсығымен тесе алатын балықтар бар

Иә, бұл рас. Семсер балықтар кеме түбін 2 сантиметрге дейін тесе алады. Тіпті  осы балықтардың күшті соққсының салдарынан кеме суға батып кеткен жағдайлар да болған. 

…үйрек суда батып кетуі мүмкін

Иә, мүмкін! Суда бірнеше күн болмаған үйректер суға бірден түсіп кете алмай, тепе-теңдік сақтай алмай немесе тіпті батып кетуі де мүмкін. Үйректердің жақсы жүзуінің құпиясы – олар өз қауырсындарын майлап отырады.  Егер дұрыс күтім жасамаса, суға түсерде батып кетуінің себебі осы да бола алады. 

…кейбір құстар құртты алу үшін жерді тепкілейді

Жылқышы (орман құсының бір түрі) жауын құрттарын өте жақсы көреді. Ал оларды топырақ астынан алу үшін бұл құс біраз қулыққа барады. Олар жауын жауғандай дауыспен жерді тепкілейді.

… мөлдір түсті жануарлар бар

Иә, бұл да рас. Әйнекті құрбақа деп аталатын бақаның мөлдір терісі астынан соғып тұрған жүрегі, асқазаны мен тамырлары анық көрініп тұрады. 

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған