Отан

Қырқасын гүл көмкерген

Отанымның от демі.

Менің байтақ өлкемнен

Көркем өлке жоқ, тегі!

 

Көкке шалқып мұнайы

Қол созады ол ғарышқа

Ұл-қыздары ұдайы

Көз тігеді алысқа.

 

Атады әрбір таң күліп,

Шашып алтын шапағын.

Жер бетінде мәңгілік

Жасайды ұлы Отаным

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған