Отбасының табысы баланың IQ деңгейіне қалай әсер етеді?

Америкада Балалар денсаулығы және адамды дамыту ұлттық институтындағы ғалымдар отбасының табысты болуы баланың IQ деңгейіне тікелей әсер ететіні туралы тұжырымға келді. Сарапшылардың пікірінше, отбасы неғұрлым ауқатты болса, ондағы балалардың ақыл-ойы соғұрлым жоғары болады екен.

Зерттеушілер 50 мың баланы зерттеген. Қорытынды шығару үшін олар түрлі жастағы – төрт айлық, бір жастағы және жеті жастағы балаларды үш неврологиялық зерттеуден өткізуге тура келді.

Балаларды зерттеу үшін ғалымдар ұл және қыз балаларды ата-аналарының кірісіне байланысты үш топқа бөлді: табысы төмен, орташа және жоғары отбасы балалары.

Туған кезде балалардың неврологиялық жағдайы бір-бірінен еш ерекшеленбейді. Ғалымдар түрлі топтардағы балалардың бірінші айырмашылығын төрт айында анықтады. Айырмашылыққа тамақтану, ойын-сауық, гигиена сапасы әсер етуі мүмкін.

Балалардың жасы ұлғайған сайын айырмашылықтары қатты байқалды. Жеті жасқа қарай кедей отбасынан шыққан әрбір бесінші баланың неврологиялық ауытқулары болды. Бұдан басқа кедей отбасыларда әйелдердің балалардың денсаулығына әсер ететін зиянды әдеттері болған.   

Дереккөз: //massaget.kz/

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған