Пигмей

Жер жүзіндегі ең тапал адамдарды пигмей дейді. Ер адамдарының ең ұзыны 140 см, әйелдерінің бойы мұнан да аласа болады екен. Мұндай ергежейлі адамдар эквадорлық Африканың Конго бассейніндегі Итури өзенінің жағалауларын мекендейтін көрінеді. Әлем ғалымдары ергежейлі адамдарды әдейі барып, барлық жағынан медициналық, генетикалық тұрғыда егжей-тегжейлі зерттепті. Пигмейлердің өсуіне, бойына әсер ететін ішкі секрециялық органдарынан ешқандай ауытқу, ауру таппаған. Оларды бір Алламыз осылай жаратыпты

 

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған