Сүйікті жемісіңіз жайлы не білесіз?

Алма

Бізге табиғи алманың жер шарындағы 36 түрі белгілі. Ал, 1647 жылдан бері өнім беріп келе жатқан ең «кәрі» алма ағашы АҚШ-тың Манхэттен қаласында өседі. Салмағының төрттен бірі ауадан құралатындықтан, алма суға батпайды. Құрамында 83-88 % су, 7,5-16 % қант, 0,2-0.8 % қышқыл, 9,5-18,5 %, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, минералды заттар бар.

Шабдалы

Әр шабдалы ағашынан 20-120 кг жеміс алынады. Жемісін кептірілген күйде (компот, тосап, тәтті сусын) пайдаланады. Сүйектерінен «персико» деп аталатын ликер жасайды. Шабдалы нашар көңіл-күй мен уайымнан арылуға көмектеседі. Венгрияда оларды «тыныштандыру жемісі» деп атайды. Ағзаны қайта қалпына келтіріп, қандағы гемоглобин құрамын арттырады.

Өрік

Өрік – 10,5% қанттан тұрады. Өрік дәнінен косметикалық заттарды жасау үшін май алады. Қытай және Тибет медицинасында ерте кезде астма, көкжөтел, жүйке, жүрек ауруларына емдік дәрілер дайындаған. Қазақстанда Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында бір түрі өсіріледі. Наурыз-сәуір айларында гүлдеп, шілде айында жеміс беретін өрік ағашы 100 жылға дейін өмір сүреді. 25-40 жыл жеміс береді.

Алмұрт

Ежелгі Грекияда алмұрт сый-құрмет белгісі болған. Гректер алмұрт жемісін «Құдайлар асы» деп атаған. Себебі, алмұрт ағашы биік әрі бұтақтарын кең жайған. Алмұрттың дүние жүзінде 60-қа жуық түрі белгілі. Бірқатар сорттары йодқа бай болғандықтан, ол йод тапшылығына душар болған жандарға пайдалы.

Шие

Шие тұқымдасының 200-ге жуық түрі бар. Қазақстанда 7 түрі таралған. Зерттеушілердің айтуы бойынша күніне жиырма дана шие жеу, бір аспирин дәрісін ішкенмен бірдей. Шие қанды сұйылтып, денені тазалайды.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған