Сүйкімді құрт

Ертеде бір сүйкімді құрт болыпты. Оны жек көретін жәндіктердің бәрі мазасын алып, тиісетін болады. Оның жан досы шегіртке еді. Шегіртке оған құрт ала алмайтын жапырақтарды, жейтін шөптерін алып беретін. Олар орманда келе жатқанда, екі қоңыз жабылып, сенімен ешкім дос болмайды, сен әдемі емессің деп мазақтайды. Құрт үндемей кетіп қалады. Бірнеше күндер өтеді. Құрт оралып алып, талдың ең биік жеріне тығылып қалады. Шегіртке құртты іздеп, тауып алады. Екеуі тал үстінен түсіп, орманға аттанады. Сол уақытта алдынан екі қоңыз шығады. Ол екеуі құртты танып, кешірім сұрайды. Құрт ешкімге өкпе сақтаған жоқ. Ол кешірімді болатын.

Аруана НҰРБЕРГЕНҚЫЗЫ,

С.Сейфуллин атындағы №7мектеп-гимназиясының

2 «Б» сынып оқушысы.

БАЛҚАШ қаласы.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған