Самайым – сағынышым

Менің туған жерім – Кенжебай самайы ауылы. Тарихта ізі қалған кішкентай елді мекен. Шағын елді-мекен болғанымен ауыл тұрғындарының саны көп.

Үштөбеге көшкенде ауылымды қатты сағындым. Перизат жеңешемнің аппақ құрттарын, айналып-толғанған асыл әжемді қалай ғана ұмытамын? Ірілеу бұзауға мініп құлаудың өзі мен үшін бір ғанибет. Жүгіре жүріп қымыз ішіп, сап-сары май мен тәтті ақ қаймақты ұмытпаймын. Менің жұдырықтай жүрегімнен орын алған алтын бесігім – туған жерім өзіме сондай ыстық.

Әлихан БАЛЕКЕ,

Үштөбе орта мектебінің 4 сынып оқушысы.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған