Саусақ ізі жоқ адам

Әр адамға тән бірегей қабілет – саусақ ізі. Саусақ ізіне қарап, адамның кім екенін, қай жерде жүргенін, болмысын және жасын аңғаруға болады. Әсіресе, криминалогия саласында саусақ ізін пайдалану қылмысты ашуда септігін тигізеді. Дегенмен, жер бетінде саусақ ізі мүлдем жоқ адамдар бар. Бұны биологияда генетикалық ауру aдерматоглифия (adermatoglyphia) деп атайды. Өйткені, бұл ауруға шалдыққан адамның денесінде генетикалық ауытқу орын алады. Саусақта ізіне жауапты ДНҚ тізбегі ыдырап кетуінен немесе түзілмеуінен осындай мутациялық үрдіс жүреді. 

Саусақ ізінің түзілуі үшін Smarcad нәруызы кодталуы тиіс, дегенмен, мутация әсерінен бұл үрдіс тоқтайды. Сонымен қатар, ғалымдар бұл ауытқудың тағы бір ерекшелігі саусақ ізі жоқ аймақтан тер бөлінбейтінін аңғарған. Дәл қазіргі сәттер ғалымдар бұл ауытқу табан және алақан іздеріне де әсер етуін зерттеу үстінде.

Дереккөз: /massaget.kz/

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған