Сенбернардың салмағы қанша?

«Ит-жеті қазынаның бірі» деп бекер айтылмайды. Олар ежелден-ақ адамдардың сенімді көмекшісі болап келеді. Атқаратын қызметіне қарай түрлері де көп. Ал ит атаулының ішіндегі үлкені – сенбернар. Ересек сенбернардың салмағы 140 келі тартса, бойы 90 см-ге жетеді. Дәулігіне қарай күші де жетерлік. Швейцарияның Альпы тауларында сенбернарлар қар көшкінінен зардап шеккен адамдарды құтқаруға пайдаланылады. Олар адамдарды қар астынан шығарып қана қоймай, құтқарушылар қосындыларына дейін арқаларына салып апарады екен.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған