Үш дос

Ертеде үш дос болыпты. Үш достың бір-біріне деген достығы адал болған екен. Күндердің күнінде достардың басына қиындық келген екен. Үш жігіттің аттары – Арман, Мақсат, Мұрат болыпты. Арманның басына түскен қиындық үшін Мақсат пен Мұраттың жүректері ауырып, жандары ашиды. Арманды елі-жері үшін алыс сапарға жібермекші болады. Арман отбасын, балаларын қалдырып кетуге тура келеді. Мақсат пен Мұрат досын жалғыз жібермес үшін ханнан бізді де бірге жіберіңіз деп сұрайды. Ел билеуші хан оларды қуана-қуана басқа елге жібереді. Үш дос қару-жарақтарын қамдап, жолға шығады. Үш жігіт отбасымен қоштасып ұзақ сапарға кетеді. Үш жігіттің әйелдері жүкті күйлерінде ер азаматтарын шығарып салады. Күндердің-күнінде айы-күні жетіп, үш жігіттің келіншектері босанады. Арманның Үміт деген қызы, Мақсаттың Жігер деген ұлы, Мұраттың Сағыныш деген ұлы дүниеге келеді. Балалары тәй-тәй баса бастаған кезде, әкелері елді-жерді қорғап, Отандарына аман-есен оралады. Сөйтіп, осы ерліктері үшін ханның сый-құрметіне ие болады. Сол заманнан бері үш жігіттің достығы ажырамай, армандары мен мұрат-мақсаттарына жетіпті.

 

Мақышева Айғаным

№17 жалпы білім беретін орта мектебінің

1 «Ә» сынып оқушысы

Қарағанды қаласы

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған