Шопан еңбегі

   Шопан болу оңай емес. Жаздың ыстығы, жаңбыры, қыстың суғы, аязы, бораны демей мал бағумен күндері өтеді. Қалың қарда малтығып, малға жем, шөп бері өріске айдап әкетеді. 

   Көктемде күні-түні көз шырымын алмай, малды төлдетіп, тыным таппайды. Шелектеп жауған жаңбыр астында, ыстыққа қарамай жайлауға көшеді. Арық мал семіріп, күн салқындағанда ауыл маңына киіз үй тігіп отырады. 

   Қыс келе қайта қыстаққа көшеді.

   Жыл он екі ай малдың соңында демалыс көрмей еңбек еткен шопандардың еңбегін кім оңай дейді.

   Шопандардың еңбегінің арқасында бүкіл халық ет, сүт, қымыз, киіммен қамтамасыз етіледі. Сондықтан шопандардың зейнетақысын көбейтіп, жылда курортқа демалдыру керек деп ойлаймын.

Баян Әліпқожаева

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған