Сіз білмейтін қызықтар


» Күн сәулесі жерге 8,5 минутта жетеді. 
» Ай жерден 80 есе жеңіл. 
» Толық күн тұтылуының ұзақтығы 7,0 минуттан аспайды. Ал толық ай тұтылуы 104 минутқа дейін жетеді. 
» Күн жүйесіндегі ең кішкентай планета – Плутон, ал ең үлкені – Юпитер. 
» Күн жүйесіндегі ең ыстық планет – Шолпан. 
» Шолпанда күн батыстан шығып, шығыс жаққа батады. 
» Жерден құралсыз көзбен көрінетін планета – Уран. 
» Тоқылдақ секундына 20 рет шоқып жей алады. 
» Шолпандағы тәулік жердегі жылдан ұзақтау. 
» Жердегі ең жылы теңіз – Қызыл теңіз. 
» Чилидегі Калама атты қалашықта мүлдем жаңбыр жаумайды. 
» Жердің 70 пайызы сумен толтырылған, бірақ оның 1 пайызы ғана ішуге жарамды. 
» Өлі теңіз мұхиттардан 7-8 есе тұздырақ. 
» Солтүстік полюсте жылына 186 күн бойы күн көрінбейді. 
» Табиғатта тек 96 элемент кездеседі, 11-і газ күйінде, 81-і қатты күйде. 
» Дүние жүзіндегі сан түрлі қажеттілікке жарайтын ағаш – кокос пальмасы. Одан ең мықты құрылыс материалы алынады, жапырағынан үй жабады, жаңғағының қабығынан жіп иіреді, сыртқы қауашағынан ыдыс жасайды, шырынынан қант және шарап жасайды. 
» Көміртегі жердегі барлық элементтерді қосқандағыдан көп қосылыс береді. 
» Алмас қышқылда ерімейді, оны бұзатын жоғарғы температура ғана. 
» Бұғылар мүктермен қоректенеді. Олардың құрамындағы минералды заттар бұғылардың денесін қыста бірқалыпты етіп ұстап тұрады. 
» Жыландар қабақтары арқылы көре алады. 
» Меркурийдегі жарты тәулік (күндізгі уақыт) жердегі бір жылдан екі есе ұзақ. 
» Басын 360 градусқа бұра алатын жалғыз шыбын-шіркей – дәуіт. 
» Қытайдың кейбір жазу машин­ка­ларында 5700 белгі бар. Оның кла­виа­турасының ені бір метрге жуық­тай­ды, сол себепті ең шебер деген қаріп теру­шінің өзі минутына ары кетсе, 11 сөз ғана жаза алады екен. 
» Ресей мемлекетінің ең бірінші ас­та­насы – Ладога. 
» Науру – ресми астанасы жоқ әлем­­дегі жалғыз мемлекет. 
» Табиғатта сынаптан басқа сұйық күйде кездесетін тек бір элемент қана бар, ол – бром. 
» 1603 жылы Жапонияда импе­ра­тор бұйрығымен жүзу міндетті оқу пәні бо­лып белгіленді.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған