Солақайды түзетпеген жөн

Бұрынырақта солақай баланы оңқайға айналдыруға жұрт кәдімгідей көңіл бөлетін. Тіпті баланы оң қолымен жазуға үйрету үшін сол қолын бай­лап қою кездесетін. Әсіресе ұл баланың солақай болғаны әжеп­тәуір міндей бағаланатын.

Қазір жұрттың ой өрісі артып, мұның табиғи ерекшелік екенін аңғарып, солақайды оңқайға айналдыруға көп ұмтыла қоймайды. Солақайлардың арасынан да талай ұлылар шыққанын естігеннен кейін бұған оншалықты мән бермейтін болды. Бұрынғыларды айтпағанда, тіпті АҚШ-тың көзі тірі президенттерінің бірі солақай екенін жұрт теледидардан ресми құжаттарға қол қойғанда талай көрген.

Солақайлық ол туа біткен қасиет. Адам ағзасы соған икемделген болса, оны өзгерту зиян болмақ. Жалпы адамдардың 10 пайызы солақай болып туады екен. Ол сәби кезінен аңғарылады. Жасы әлі бірге толмаған баланың өзі бірнәрсе ұстауға әрекеттенгенде ыңғайлы қолын созады. Бұл қасиет кейін өмірлікке айналады. Ал есейген соң, ол біржола әдетке айналады. Баланың сол қасиеттерін өзгертуге ұмтылу олардың психикасына айтарлықтай салмақ түсіреді.

Дереккөз: /massaget.kz/

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған