Ұстазым менің — Ә. Еспаев

Тұлғаңды арманыма ұксатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде, әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым!

Зердемді сен ашпасаң не етер едім,

Өмірден сыбағасыз өтер едім.

Ғажайып дүниенің сырын жайын,

Қияға қызықтырып жетеледің.

Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым,

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым!

Өзіңнен өмірге азық ала бердім,

Ұшырып мені алысқа қала бердің.

Бойымда отың кетті ұшқын атқан,

Келеді жана бергім, жана бергім.

Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым,

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым!

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған