Сусыз өмір сүре алатын балық

Мәрмәр ривулус балығы бірнеше ай бойы сусыз өмір сүреді. Көлемі шағын тропикалық балық Солтүстік және Оңтүстік Америка жерінде тоғайда көптеп кездеседі. Олар 60 күн бойы сусыз тіршілік етуге қабілетті.

Мәрмәр ривулус балығы құрлықта теңіз шаяны інінде немесе кокос дәнегі құлаған тұста, шалшық суда өмір сүреді. Шалшық су кеуіп кеткен жағдайда ол орнын  құлаған ағаштардың біріне ауыстырады. Балық керек жеріне құйрығымен тербеліп, секіріп жетеді.

Тропикалық балықтың желбезегі құрлыққа шыққанда морфологиялық өзгеріске ұшырайды. Яғни, желкен тынысы жұмыс істеуін доғарады. Одан кейін ривулус тері қабаты арқылы демала бастайды. Ол денесіндегі ылғалдығын ағзасындағы нәрлі заттектердің көмегімен ұзақ мерзімге дейін сақтайды.  

Ғалымдардың айтуынша, мұндай балықтар зерттеу кезінде бір ай бойы өздерін құрлықта белсенді ұстаған.

Дереккөз://massaget.kz/

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған