Түймедақтың емдік қасиеті

Түймедақпен көптеген ауруды емдеуге болады.Түймедак гүлі өт жолына тас байлану,тұмау, бас ауруына қарсы ем. Асказан-iшек жолдарының жұмысын жақсартып, өтті жүргізіп, табетті ашуға көмектеседі.

Сонымен қатар суық тигенде 2 шәй қасық түймедақ гүлін 300 гр суға қайнатып, 4 сағат бұқтырып тұнба жасау арқылы пайдалануға болады. Тұнбаны ертелі-кеш астан бұрын iшу қажет.

Ал,асказан ауруына 2 ас қасық түймедақ гүлінiн үгітіндісін бір стақан қайнап тұрған суға салып, бір сағат жабық ыдыста бұктырып алып iшу көмектеседі.

Бел ауырса да осы дәрілік өсімдік шипа болады. Егер беліңіз ауырса түймедақ гүлін ұнтақтап тұзы жоқ сары майға араластырып белге жағу керек. 

Екі ас қасық гүл үгітіндисін бір стақан қайнап тұрған суға салып, бір сағат жабық ыдыста бұктырып, бұл тұнбамен (геморрой) жуса ем. Тұнбаны пайдаланар алдында жылатып алыңыз.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған