Тұман

«Қысың тұман болсын, ауруың тұмау болсын» депті қазақ. Солай айта отырып «Тұманның соңы – жұт, тұмаудың соңы – құрт» деп ескертеді. Тегін емес екен. 1952 жылы Лондонды басқан төрт күнгі қалың тұманнан төрт мыңға жуық британдық көз жұмыпты. Көбі жол апатынан, біршамасы көк түтінге көмілген тұманды ауаны жұтып, көкіректен кеткен бұл өмірден. Бізде де тұман болып тұрады. Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларын былтыр тымық күндері көк түтін мен тұман тұмшалағаны есте. Жұтпен, құртпен ойнауға болмайды.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған