Тәуелсіздік

Тәуелсіз ел – айбынды ел ұланымын,

Ерке өскен елімнің қыранымын.

Тәуелсізідк, тұғырыңмен биіксің,

Сондықтан да, киелісің, мойындаймын.

 

Елім үшін тер төккен ғой ұл-қыздары,

Құрбан болған, қыршын кеткен жастары.

Мәңгі қалды бүгін аты тарихта,

Аға-апайдың ерліктері жанымда.

 

Тәуелсіздік сондықтан да киелі,

Оны бәрі, кәрі-жасы біледі.

Ұрпағыңмен қазақ деген елімнің,

Көк туыңды желбіретіп жүремін.

 

Алимбаев Абильмансур

Нұрмақов атындағы ММИ-дің

6 «С» сынып оқушысы

Қарағанды қаласы

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған