Үш дос

Ертеде үш дос болыпты. Үш достың бір-біріне деген достығы адал болған екен. Күндердің күнінде достардың басына қиындық келген екен. Үш жігіттің аттары – Арман, Мақсат, Мұрат болыпты. Арманның басына түскен қиындық үшін Мақсат пен Мұраттың жүректері ауырып, жандары ашиды. Арманды елі-жері үшін алыс сапарға жібермекші болады. Арман отбасын, балаларын қалдырып кетуге тура келеді. Мақсат пен […]

Қорқынышын жеңген кішкентай қасқыр

   Қалың орманда алаңқайдың шетінде құлаған ағаш жатты. Ағаштың тамырының астында інге кіретін жол бар еді. Бұл кең, жайлы ін болатын: еденге жылы және жұмсақ болу үшін сабан төселген, ал тамырлар мен топырақтан жасалған төбесі жаңбырдан қорғайтын. Бұл інде үлкен және азулы Әке-Қасқыр, Ана-Қасқыр (ол да күшті және азулы болатын, бірақ денесі күйеуінен кішкентай еді) […]

Құйыршық

Ерте-ерте ертеде. Ешкі құйрығы келтеде. Байбурыл деген шал бопты. Кедейліктен ақылы дал бопты. Бес ешкісі бар екен, бәрі де оның сары екен. Шал бес ешкісін бағыпты, кемпірі ешкі түбітін биялай жасап, жұртқа жағыпты. Азықтары ешкінің лағы екен, балалары жоқ екен, әйтеуір айран-шалапқа тоқ екен. Бір күні құла дүз, құба жонға бес ешкі лағып кетіпті. Бұл […]

Көкек қалай «безбүйрек ана» атанды!

Ерте, ерте, ерте де қыс аяқталуға аз қалған уақытта көкек балапан басыпты. Ол жұмыртқаларын жақсы көріп күнде айналып толғанады екен. Көкектің ұясына жақын жерде қарға деген құс тұрыпты. Ол сондай өзімшіл, ұрысқақ және аррам пиғылды екен. Ол күнде көкектің жұмыртқаларын айналып толғанатының көре алмапты. Бір күні күн жадырап көктем келеді. Айнала нұрға бөленіп шыға келеді. […]

Ескі үй

Бір көшеде, шамасы осыдан үш жүз жылдай бұрын салынған, әбден тозығы жеткен үй тұратын. Оның ертеде салынғандығына көз жеткізу де оңай. Өйткені үй шатырының бұтағындағы қызғалдақ пен құлмақтан жасалған әшекей өрнекте оның қай жылы салынғаны, ал оның астына көне әріптермен және ертедегі емле ережелерін сақтай отырып бір шумақ өлең ойылып жазылған. Барлық терезе маңдайшаларынан мардымсып […]

Суға батып кеткен ғибадатхана

Нейенкирхтың маңында, қалың орманның ортасында жасырынған жалғыз ашық жер бар; онда кішкентай ғана қол бар; ол араға жан баласы аяғын сирек басады, ол араны тіпті әркім біле де бермейді. Көгал мен көлді қоршап тұрған қап-қара шыршалардың тұрқында адамның өне бойын еріксіз тітіркендіретін әлдеқандай бір жабырқаңқылық бар. Сол шыршалар бұл араны жұмбақ жамылғымен тұмшалап тастағандай; мұнда […]

Баруырсақ

Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты. Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді. Бір кезде оған Қоян […]

Қыран мен құзғын

Бір күні бүркіт қара қарғаға кезігіп: – Қарағым, екеуіміздің де тегіміз құс, бірақ сендер жуас құссыңдар, не болса соны жеп, үш жүз жылға дейін өмір сүресіңдер. Ал біз болсақ, отыз жастан әрең асып барып жығыламыз. Бұл қалай? – деп сұрапты. Сонда қарға: – Сендер ылғи жемтікті тірідей жеп, қанын ішесіңдер. Біз болсақ, тек өлекселермен ғана […]

Сыбызғының сиқыры

Ерте заманда бір кедей жігіт болыпты. Қолынан келер үлкен өнері сыбызғы тартып, қой бағу екен. Әкесінің кішкене кезінде үйреткен бұл өнерін ол жанындай жақсы көріпті. Сыбызғыны нақышына келтіріп тартқанда, естіген елдің таңдай қақпайтыны болмайды. Табиғаттағы түрлі құстар мен жануарлардың дауысын осы сыбызғысымен айнытпай салады. Тіпті, өрістегі қойлары да сыбызғының дауысы шыққан жаққа өздіктерінен тартып отыратын […]

Үш жетім

Ертеде, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір патша бар екен. Оның жалғыз ұлы болыпты. Ол ұлы ажалы жетіп ауырып өліпті. Жалғыз ұлының күйігінен патша далаға шықпай жатып алыпты. Бұл патшаға бірнеше патша көңіл сұрай барыпты. Сонда да тұрмапты. Патша басқармаған соң елі күйзеліпті. Осы елде жан ашыр адамы жоқ, әке-шеше, аға-іні дегендей туған туысы […]