Шал мен ажал

Орманнан бір шал қайтты отын алып, Бүкшеңдеп, көтере алмай, өліп-талып. Отынын жерге қойып, біразырақ Қисайып жатты байғұс ойға қалып: «Мен сорлы өрі кәрі, әрі жарлы, Асырау оңай емес үйлі жанды. Қартайдым, жалданарға қайратым жоқ, Бермеді тұтынарлық Құдай малды. Бұл маған не қылғаның, Жаратқаным, Бір шалға үйлі жанды қаратқаның? Төлермін салық ақша қайдан тауып, Қажетім бірін […]

Аңдарға келген індет

Алланың рахметі мол, қаһары қатты,  Қарғады дерт жіберіп хайуанатты. Қырылып у жегендей түрлі аңдар, Әр жерде төбе-төбе болып жатты. Шошынып хайуандар келген дерттен, Біле алмай не қыларын, есі кеткен. Далада, үйде, қырда, орман, тауда Сау қалған жер болмады бұл індеттен. Түзеліп аң біткеннің құлықтары, Кәсібі, өзгеріліп ғұрыптары, Зорлықтың, зомбылықтың бәрін тастап, Тимеді нашарына ұлықтары. Жоғалды […]

Айна мен маймыл

Айнаның қарсы алдына Маймыл барып,  Айнада өз суретін көре салып, Аюға жанындағы күліп айтты, Ақырын аяғымен түртіп қалып: «Бері қара! Бұ кім өзі мынау перің? Білмеймін қайдан шыққан мұндай көрім? Он екі мүшесінің бірі оңды емес, Көз салып қарап тұрсам әрбір жерін. Мен бұған титтей ғана ұқсас болсам, Ішіме пышақ салып өлер едім. Ол рас […]