Отан

Қырқасын гүл көмкерген Отанымның от демі. Менің байтақ өлкемнен Көркем өлке жоқ, тегі!   Көкке шалқып мұнайы Қол созады ол ғарышқа Ұл-қыздары ұдайы Көз тігеді алысқа.   Атады әрбір таң күліп, Шашып алтын шапағын. Жер бетінде мәңгілік Жасайды ұлы Отаным