Тәуелсіздік

Тәуелсіз ел – айбынды ел ұланымын, Ерке өскен елімнің қыранымын. Тәуелсізідк, тұғырыңмен биіксің, Сондықтан да, киелісің, мойындаймын.   Елім үшін тер төккен ғой ұл-қыздары, Құрбан болған, қыршын кеткен жастары. Мәңгі қалды бүгін аты тарихта, Аға-апайдың ерліктері жанымда.   Тәуелсіздік сондықтан да киелі, Оны бәрі, кәрі-жасы біледі. Ұрпағыңмен қазақ деген елімнің, Көк туыңды желбіретіп жүремін.   […]

Тәуелсіздік

Әнұраным шырқалып өз тілімде, Көк байрағым желбіреп тұр көгімде. Халқымыздың арманы сан ғасырлық Қазақстан – тәуелсіз ел бүгінде! Қайтпас қайсар халқымнан айналайын, Туған жердей жерұйық қайда, ағайын? Тәуелсізбіз, сол үшін мақтанамыз, Бар мақсатым – соған шын сай болайын! Еркін елмін, көрінем биіктерден, Ырыздығын құдайым үйіп берген. Қазақ халқы барады болашаққа Ай маңдайы жарқырап сүйікті ермен! […]