«Тариф» деген ұғым қайдан шыққан?

Шынымен-ақ «тариф» деген сөз күнделікті өмірде жиі қолданылады. Тариф-белгілі бір қызмет түріне төленетін ақы. Алайда, көпшілік оның Жерорта теңізіндегі Тарифа аралымен байланысты екенін біле бермейді. Орта ғасырларда теңізшілер жол-жөнекей аталмыш аралға аялдап, тынығып алады екен. Арал тұрғындары олардан тоқтап тұрғаны үшін ақы талап етуді қолға алады. Төленетін ақы аралдың атына сәйкес «тариф» деген атауға ие болады. Кейін сол атау халықаралық терминге айналып, қызмет түрлеріне байланысты қолданыла бастайды.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған