Темір жол

   Дүниеде алғаш темір жолы 1830 жылы Англияда, Ливерпуль-Манчестер арасында салынған. Ал Осман Империясында 1851 жылы Каир-Искендерун, 1856-60 жылдары Көстенже-Чернова, 1856-66 жылдары Измир-Айдын, кейін ретімен Дедеағаш-Манастыр, Хайдарпаша-Анкара, Мудания-Бурса, Ескішеһир-Кония, Адана-Халеп-Шам-Құддыс, Адана-Бағдат, Хамидия-Хижаз темір жолдары салынған. Ол уақытта дүниедегі ең ұзын темір жолы Осман Империясында еді.


    1870 жылы Еуропа қалаларын Стамбулмен байланыстыратын 1274 км-лік темір жолы соғыла бастады. Алғашқы кезеңде 15 км-лік Йәдикуле-Кучукчекмеже арасы бітіп, пойыз жүре бастаған. Бірақ, Йәдикуленің қаладан ұзақ болуына байланысты темір жолын құрған фирма алғашқы станцияның Сиркежі болуын қалайды. Жолдың Топкапы сарайынан өтуі керек болады. Ол үшін сарайдағы кейбір үйлер мен бау-бақшалардың бұзылуы керек еді. Бұл жөнінде құрылған комиссия бір шешімге келе алмайды да, бұл мәселе падишах Сұлтан Абдулазиз ханға өтеді. Осман империясы падишахтарының бүкіл технологиялық дамуларға қатысты ұстанған позициясын, берген мынадай ақылгөй жауабынан түсінуге болады: «Елімде қалай болса да темір жолы соғылсын, ол менің үстімнен өтсе де разымын!»   
      1856-1922 жылдары арасында Осман империясының иелігіндегі жерлерде мына бағыттарда темір жолдары салынған: Румелия темір жолдары, 2383 км
Анадолы-Бағдат темір жолдары, 2424 км
Измир-Касаба ұзындығы 695 км
Измир-Айдын, 610 км
Шам-Хама, 498 км
Йафа-Құддыс, 86 км
Бурса-Мудания, 42 км
Анкара-Йахшыхан, 80 км
Барлығы 8 618 км

Дереккөз: www.balalaralemi.kz

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған