Тест: «Мінезіңіз қандай?»

Адамның шынайы болмысын тану өте қиын. Өйткені мінезі құбылмалы келеді. Айналасындағылар мен өзінің пікірі үйлеспейтін кездер болады. Егер өз мінезіңіз туралы білмесеңіз, тестінің көмегіне жүгініңіз. Өзіңізге ұнайтын суретті ойланбастан таңдаңыз. Таңдаған болсаңыз, төмендегі жауаптарға зер салыңыз.

Сіздің таңдауыңыз нені білдіреді екен?

1. Айналаңыздағыларға бойыңыздағы жақсы қасиеттерді ғана көрсетуге тырысасыз. Адамдар сізді шулы ортаны ұнатады деп ойлайды. Табандылығы мықты деп бағалайды. Шындығында іштей әлсізсіз. Адамдарға мықты болып көрінгіңіз келеді. Дәл қазір оптимистің бетпердесін киіп жүруден шаршаған сияқтысыз.

2. Жүйкеңізді тоздыратын дүниелерді, ақша шашуды ұнатпайсыз. Өмірден ләззат ала білесіз. Достарыңыздың ақшасын шашып, шақырған жерден қалмайсыз. Ауыр мінезіңізді өзіңізге жақын адамдарға ғана көрсетесіз. Бір қызығы, мінезіңізді жібектей деп ойлайсыз.

3. Ойыңызды өзгелерден жасыра білесіз. Бастаған істі соңына дейін жеткізесіз. Көп жағдайда қиындықтарды шешпей, оларды айналып өтуді жөн көресіз. Осы қасиетіңізге қарап, айналаңыздағылар сізді өте әлсіз деп ойлайды. Шындығында, сіз өте ақылдысыз.

4. Үнемі барлығын шабыттандырып, алға сүйреп жүретін жансыз. Ұшқыр қиялыңыздың арқасында өзіңізді де, өзгелерді де қуанта білесіз. Бір істі жүзеге асыра алмасаңыз, келесісіне оңай көшесіз. Жайдарлы мінезіңіздің арқасында кез келген ортаға тез сіңісесіз.

5. Кез келген қиындықты қасқайып тұрып қарсы аласыз. Біреумен сөзге келіп қалсаңыз, жеңіске жетпейінше тоқтамайсыз. Қажет болғанда қателігіңізді мойындайсыз. Өйткені әділеттіліктің не екенін білесіз. Бастаған істі соңына дейін жеткізесіз. Айналаңыздағылар бұл қасиетіңізді бағалайды.

6. Басқарып, тапсырма бергенді жақсы көресіз. Мұнымен қатар, өзіңізден қолдау күтетін жандарға көмек қолын созуға әзірсіз. Жақындарыңызға сүйеніш бола білесіз. Өтірікшілер мен сатқындарды мүлдем ұнатпайсыз.

7. Көпшіліктің көзайымына айналуды жөн көресіз. Өтірік айтсаңыз да, арыңыз мазаламайды. Осы айлаңыз арқылы қалағаныңызға қол жеткізесіз. Өзгелердің пікіріне тәуелді болғандықтан, күйзеліске жиі түсесіз.

8. Айналаңызда болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарайсыз. Достарыңыз осы қасиетіңізді бағалайды. Сізге еліктегісі келеді. Тұрақтылықты бағалайсыз. Ал сіздің нәтижеңіз қандай болды?

Дереккөз: //massaget.kz/

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған