Өтірік айтсақ құлағымыз қызарады ма?

Бала күнде ата-анамыз бізді жиі алдайды. «Өтірік айтсаң құлағың қызарып кетеді», «түнде ұйықтамасаң біреу келіп алып кетеді» дейтін еді. Балалықпен сеніп бәріміз өтірік айтуға қорқып, түнде ұйықтауға асығатын едік. Ал шындығында ата-анамыз бәрінің олай емес екенін біле тұрып, неге өздері өтірік айтты екен?

Өтірік айтса құлақ қызарады

Шындығында құлақтың сырғалығындағы қан айналым жүйесі дененің негізгі температурасын реттейді. Ал егер ол қызарып тұрса, бұл сіздің ағзаңызда ыстық бар деген сөз. Өтірік сөйлеудің оған ешқандай қатысы жоқ.

Теледидар мен компьютер алдында отыру көзге зиян

Бір шетінен алып қарасаңыз бұл өтірік емес. Дегенмен көздің негізгі көрмеу қалуы теледидар жақыннан қарағаннан әлде компьютер алдында көп отырудан емес, көз жанарының өзіне және тұқым қуалайтын ауруға байланысты.

Саусақтардың буынын сындыруға болмайды

Бала күнде әр саусақтың буындарын сындырып, дауысын қызық көріп отырсаңыз, ата-анаңыз: «өскен кезде саусақтарың ісіп, сары су жиналып қолым жаман болып кетеді» дейтін еді. Бірақ бұл да шындыққа жанаспайды. Айтылған кеңестердің бірі де бұған сәйкес келмейді.

Шоколад көп жесеңіз бетіңізге дақтар қаптап кетеді

Беттегі дақтар – адамның бүйрек және бауыр немесе қан айналымына байланысты мүшелеріне іштей зақым келген кезде, микроб түскен кезде орын алады. Оның тәттіге немесе шоколадқа ешқандай қатысы жоқ, бірақ көп жеуге де болмайды.

Егер сағызды жұтып қойсаңыз ол асқазаныңызда 7 жыл жүреді

Сағыз өнімдері жабыспалы түрлі химиялық қоспадан жасалады. Оның жұтпауға тырысыңыз. Өте зиян. Бірақ 7 жыл сіздің асқазанда жатуы мүмкін емес. Себебі асқазан бөлетін сөл кез келген тағамды ерітіп, оны қорытып жіберді. Тек басқа тамақтарға қарағанда сәл ғана уақыт ұзақ қортылуы мүмкін.

Теледидарда көп ойын ойнауға болмайды

Үйде тұрған теледидарға түрлі ойын аппараттарын жалғап бала күнде ойын ойнаймыз. Көп уақыт өткен соң ата-анамыз: «теледидарды құртасыңдар!» деп ұрысатын еді. Ойын аппараттарының әсері бар деп сендіретін еді. Шындығында бұл мүлде сіз ойлағандай емес. Себебі әрбір заттың өз уақыты бар. Уақыты жеткен кезде ол бұзылады және іске жарамсыз болып қалады. Теледидарда сол секілді. 

Дереккөз: //massaget.kz/

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған