Тіс пастасы

Құрметті оқырман, біз күніне екі рет тіс пастасымен қолданамыз. Бұл күнделікті ажырамас әрекет, себебі барлығымызда тісіміздің сау және мықты болуын қалаймыз. Қазіргі уақытта тіс пасталарының түрлері өте көп, әркімнің қалауынан шығатын түстері де, дәмдері де бар. Ал ерте заманда адамдар тістеріне қандай күтім жасады екен? Егер жасаса, ондай қандай жолмен жасады екен? Жалпы, тіс пастасы тіс шеткадан бұрын пайда болған.

Тісті жуу 3000-5000 жыл бұрын ойлап табылған. Ең алғашқы пасталар Египетте пайда болған деп есептеледі. Бірақ оны ежелгі грек, үнді, қытай халықтары да қолданған.  Біздің уақытымызда пасталар бар. Ал ежелгі замандарда адамдар қозының сүтімен, өртенген әртүрлі жануарлардың сүйектерінің күлдерімен, тіпті жануарлардың қанымен де тістерін жуған. Тістің мықтылығының  символы болып қасқырдың сүйегі саналған. Адамдар сүйекті жіпке байлап, мойындарына тағатын болған. Кейін, бұрынғы адамдар құтыдағы тіс пастасы емес ұнтақ секілді жасаған.  Тек 18 ғасырлардың соңында паста түрінде пайда болған. Тісті тазалау үшін әдейі шетка ойлап шығарған. Бірақ сол шеткалармен тек қана бай адамдар қолдана алған. Ал кедейлер өз тісін саусақпен жуған. Бір мың сегізінші жылдары Колгейт компаниясы банкадағы тіс пастасан ойлап шығарды. Ал кейінірек қазір біздердің қолданып жүрген құтыдағы пасталарды ойлап тапқан. Тіс пасталарын шығару барысында құрамына сабын қосатын болған.  Кейін химиялық заттар дамып, сабынның орнына басқа компоненттер қосылып, қазіргі пасталарға ұқсас эмульсиялар шығарылған. Жалпы тіс пасталарының түрлері көп. Мысалы, ұнтақталған тіс пастасы. Осы тіс пастасымен алғашқы айтқандай 18- ғасырда қолдануды бастаған. Қазір кейбір адамдар осындай тіс пастаның түрімен қолданады. Ал, гел тіс пастасы құрамы жағынан жай тіс пастасынан күшті де емес, жаман да емес. Гел тіс пастасымен жай тіс пасталарының айырмашылығы түсі мен түрінде.  Гел тіс пастасының түсі кішкене ғана мөлдір болады. Ал жай тіс пасталарға  ақ түс беретін химиялық бор қосылады. Тіпті темекі шегушілерге арналған тіс пасталары бар. Дәрігерлер айтқандай темекі шегетін адамдардың тістері тезірек бұзылып, нашарлайды. Сондықтан ‘Smokers toothpaste’- компаниясы темекі шегушілерге арналған тіс пастасын ойлап шығарған. Бірақ қәзір ондай пасталарды көптеген тіс шығаратын компаниялар жасайды. Тағы да тісті ағарту пасталары бар. Менің ойымша тіс пастасының осы түрлерімен көбінесе жұлдыздар қолданады. Бірақ осы тіс пасталарымен жай адамдар да қолдана алады. Тіс пастасының әсеріне назар аударсақ,  жоғарыда айтқандай тіс паста тісті кірден тазалап, ағарту әсерін береді. Адамдар ауыздың таза болуы мен жағымсыз иісті кетіру үшін қолданады. Қазіргі тіс пасталары әртүрлі дәрумендермен шығарылып, тістің мықты болуына да әсер береді. Ең бастысы гигиенаны сақтап, тісті күніне екі рет жуу керек. Ол таңертең және кеште. Оның арасында әр тамақтанғаннан кейін ауызды сумен шаю керек. Тістеріңіз мықты болсын! 

4 “Д” сыныбының оқушысы
Қарнақова Рашида Алдабергенқызы

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған