Венеция

Венеция — Италиядағы қала, Венето әкімшілік аймағына қарасты Венеция провинциясында орналасқан. Алып жатқан жер аумағы 412 км² шамасында. Венециядай соңғы бес ғасырдан бері өзгермеген күйінде тұрған екінші шаһар жоқ. Расында мұнда бәрі дерлік бәз-баяғы қалпында сақталған. Мұнда ешнәрсе өзгере-де қоюы қиын. Мұнда бірнеше ғасырдан бері, қалада жаңа ғимарат салынбайды, салам десеңіз де рұхсат етілмейді, құрылыс жүргізетін алақандай жер жоқ.

Үлкен каналдың (Canal Grande) жағалауында 170-тен астам үйлер, ғимараттар бар. Бұл ғимараттардың көбісі 13-18 ғасырдың аралығында салынған. Қоғамдық көліктер су автобустары мен жекеменшік су таксилері болып табылады. Туристтер каналды Гондоламен (ескекті қайық) аралайды.

Гондола – Венецияның дәстүрлі ескекті қайығы және уақытты рахат, романтикалық жағдайда өткізу құралы. Гондольерлер (гондола ескекшілері) әдетте әнші адамдар болып, қаланы аралау барысында жиі ән шырқайды.

 

Күрсіну көпірі – Венецияның ескі көпірлерінің бірі. Бұл көпірді 1602 жылдары Антонио Контин атты архитектор салған екен. Көпір Додж ғимараты мен түрме ғимаратын байланыстырып тұрады. “Күрсіну” деп аталуының себебі, сотталған адамдар түрмеге қамалар алдында осы көпірден қалаға соңғы рет қарап бір күрсініп түрмеге жабылады екен.

 

Әулие Марк шіркеуі қаладағы ең танымал ғимараттардың бірі және Византия архитектурасының бірден бір мысалы.

Венеция каналдарының бірі.

 

Қонақүйіңіз каналдың үстінде орналасқан болса, есіктен шыға салып су таксилеріне міне саласыз.

 

Сан – Джорджо Маджоре – Венеция аралдарының бірі. Бұл арал Сан – Джорджо Маджоре шіркеуімен танымал.

Гондолиерлер арнайы ескектеу оқуынан өтеді, содан кейін емтихан тапсырып арнайы лицензия алады.

Алтын бас.

 

Мейрамхана.

 

Риалто көпірі Орталық Каналдың (Canal Grande) төрт көпірінің бірі болып табылады.

 

Кішкентай алаң

Суреттер worldatlas.com сайтынан алынды

Дереккөз: bilim-all.kz

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған