Ғылымды екі ауыз сөзбен түсіндіретін сайттар

Көп сағаттық лекциялардың орнына бұл сайттар қиын ақпаратты қызықты және ойын түріндегі бағдарламалар арқылы ұсынады. Төменде келтірілген сайттарда бәрі жақсы түсіндірілген.

Астрономия

Joshworth — ай бір пиксельге тең орын алғандағы Күн жүйесіндегі қашықтық қандай болатындығы көрсетілген. Сонымен қатар, төменгі оң жақ бұрыштағы батырманы басу арқылы,  жарық жылдамдығымен ұша аласыз.

BBC — жол-жөнекей маңызды объектерді зерттеп  Жерден Күн жүйесінің шетіне дейін саяхатқа шыға аласыз. Жерден қашықтық өскен сайын масштаб кішірейеді, сол  үшін аз айналдырсаңыз болады, бірақ соның себебінен ғарыштың көрнекілігі нашарлайды.

NASA — бұл қызықтардың қазынасы.  ХҒС-нан  (МКС) видеолар, Марспен Айдың жоғары анықтықтағы суреттерін,  барлық миссиялар туралы мәліметтерді, фотоларды және басқа да көп қызықты нарселерді көре аласыз.

Google — көптеген қызықты жобаларды жүргізеді. Мысалға, Google Moon және Google Mars. Бірақ ең қызықтысы  Google Sky, оның көмегімен жұлдызды аспанды зерттей аласыз. Ыңғайлырақ болсын десеңіз Google Earth бағдарламасын жүктеп алсаңыз болады.

Физика

Htwins — Планк ұзындығынан әлемнің өлшеміне дейінгі қашықтықты осы тамаша бағдарлама арқылы өте аласыз. Мұқият қарасаңыз көптеген қызықты факторларды байқасаңыз болады – мысалға, гепатит В вирусының көлемі  көрінетін жарық толқынының ұзындығынан кіші. Яғни мықты оптикалық микроскоп арқылы да адам оны көре алмайды.

Madebyevan — бұл сайтта гравитацияны қосып, өшіріп шынайы суда доппен ойнауыңызға болады. Қызықты.

Химия

Rsc — Менделеев кестесінің кез келген элементіне басып оның сипаттамасын оқуға болады. Жоғарыда сол жақта орналасқан батырманы бассаңыз белгілер түсінікті суреттерге айналып элемент атауының шығу тарихы баяндалады. Сонымен қатар әртүрлі фильтрларды қосып, заттар қатты немесе газ күйіне ауысқанша температураны өзгертуге болады.

Ptable — Менделеевтің тағы бір интерактивті кестесі (орыс тілінде). Кесте Википедиямен байланысқан болғандықтан, көптеген қызықты ақпарат алуыңызға болады.

Биология

Wellcometreeoflife —  ресурс жануарлардың кейбір түрлерінің шығу тегін, сондай-ақ, екі түрлі түрдің ортақ шығу тегін білуге мүмкіндік береді. Өкінішке орай, қосымшаның басқаруы ыңғайсыз және мазмұны аз, көптеген суреттерді аттары бойынша өзіңізге іздеуге тура келеді.

Барлық жаратылыстану ғылымдары

Johnkyrk — әлемнің, жердің, адамдардың дамуындағы тарихи кезеңдерін визуалды көре аласыз.

География

Travelpod — мемлекеттер мен астаналарды олардың картада орналасуы арқылы немесе тулары арқылы табасыз. Бұл ойын арқылы  «Ол қай жерде орналасқан?» деген сұрақты ұмытсаңыз болады.

Geoguessr — бұл ойын арқылы сіз әлемдегі барлық ландшафтарды қоса жаттап аласыз.

Тарих

Chronoatlas — интерактивті тарихи атлас. Суреттер, мемлекеттердің атауы және шекаралар көрсетіледі. Арнайы мәзір арқылы қызықтырып тұрған тарихи аймақ пен кезеңді көре аласыз. Мысалы, Спарта қайда орналасқанын көрсеңіз болады. Бір кемшілік бар – сервис ұзақ жүктеледі.

Geacron — бұл тарихи атластың мүмкіндігі ұқсас, тек суреттерсіз. Есесіне қалалар белгіленген және сілтемелермен бөліссеңіз болады.

Timemaps — ұсынылып отырған тарихи атластардың ішіндегі ең ыңғайлысы осы. Дәуір мен аймақтарға бөлінген, бірақ қажет болған уақытты таңдай алмайсыз.

Математика

Desmos — графика салуға арналған қарапайым және ыңғайлы бағдарлама. Сонымен қатар тұтас суреттер де салуға болады. «В поисках Немо» мультфильмдегі балықтың функциясы қандай екені сізді қызықтырған болса, бұл бағдарлама әлбетте сізге арналған.

Htwins — бұл жерде сіз Мандельброт жиынының бір фракталының түрін көре аласыз. Математикалық тұрғыдан қарағанда бұл тек қана теңдеу, ал визуалды  көрінісі керемет.

Sciencevsmagic — өз фракталыңызды  «өсіруге» арналған компьютерлік бағдарламалар бар, ал онлайн-режимде сіз олармен сәл ойнасаңызда болады.

Дереккөз: //bilim-all.kz/

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған