Жәндіктер қанша жыл өмір сүреді?

Жалпы құрт-құмырысқа, шыбын – шіркей атаулы ұзақ жасамайды. Көпшілігі ары кетсе бірнеше күн, бірнеше ай өмір сүруі мүмкін. Десек те, табиғатта бірнеше жыл өмір сүретін жәндіктер де кездеседі екен. Олар – цикадалар. Цикада – текқанаттылар отрядына жататын шыбын-шіркейдің бір түрі. Басқаша айтсақ, кәдімгі қара күйенің туысы. Олардың өмірінің ұзақтығы 2-3жылға созылуы мүмкін.

Ал Америка құрлығын мекендейтін түрлері 13-17 жасқа келеді екен. Бір қызығы, цикадалар өмірлерін негізінен жер астында, балапан құрт ретінде өткізетін көрінеді. Топырақ астында жатып өсімдік тамырының сөлімен қоректенеді. Ал, шіркейге айналып сыртқа шыққан соң, бірер апта ғана өмір сүреді екен.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған