Жаңғыру сенен басталады

Рухани жаңғыру – болашағы елімнің 

Гүлдену ғой бар мақсаты жерімнің.

Көкте сұңқар, жерже тұлпар жайнаған

Кеңдігіне, шүкір, шалқар белімнің.

Ал, елімнің болашағы, ертеңгі,

Жас ұрпақтың қолында ғой өнгені.

Қанағат пен жоққа сабыр болмаса,

Онда елге үлкен қауіп төнгені.

Һәм мәнділік, мәңгіліктің бастауы,

Құлпырудың қадамына қосқаны.

Жүзеге асса жаңғырудың жобасы

Айқын болар Елбасының жоспары.

Тарих-тамыр, елім -ағаш секілді,

Өз жемісін беру үшін егілді.

Тарих кетсе, ұмытылып, жат болып,

Мәңгүрт басар қайтпас-қайсар елімді!

Осы жоба еліміздің мақсаты,

Оны орындау биіктерге бір саты.

Жақсы болар алға бастап, бірлікпен,

Әр адамның жеке шықса жақсы аты.

Құрмансейіт Серік

№1 «Білім-инновация» лицей-интернатының

11 сынып оқушысы

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған