Жамал апай – жақсы адам

Менің қоршаған ортам – достар, туыстар, мұғалімдер, отбасым. Мен бәрін жақсы көремін. Бұл кісілердің мен үшін орны ерекше. Достарымнан үлгі, туыстарымнан қайрат, отбасымнан тәрбие, мұғалімдерімнен білім аламын. Осы адамдар арқылы өмірге деген құштарлығымды, талпынысымды оятамын. Жамал мұғалімнің арқасында әр қадамымды нық басып, сауатымды аштым. Осының барлығы мен үшін қоршаған ортаның әсері. Мен осы адамдардың арқасында өзімнің бойымдағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Жамал мұғалім маған жарқын жол ашып берді. Ол кісі бізді өз балаларынан артық жақсы көреді.

Нұршат ӘРІПБЕК,

Ынтымақ орта мектебінің 5-сынып оқушысы.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған