Жануарлар қалай көреді?

Жануарлар әлемді қалай көретіні сізді қызықтырған ба? Ғаламшарымыз көз көріп, құлақ естімеген құпияларға тұнып тұр. Әсіресе, санасыз деп өзімізден төмен қоятын жан-жануарлардың ешбірі де толық зерттеліп бітпеген. Ал мәлім болған ерекшеліктерді біле бермейміз. Осы олқылығымыздың орнын толтыру үшін «Жануарлар қалай көреді?» деген тақырыпта төмендегі суреттер мен қысқаша мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз. 

Мысықтар мен иттер

Ит пен мысықтардың көру қабілеттері нашарлау, олар көптеген түстерді ажырата алмайды сондықтан әлемді қанық түсте көрмейді. Соған қарамастан, түнде көру қасиеті адамдардан артық. Бір қызығы, олар үздіксіз қозғалыс, әрекеттерге сезімтал келеді, тереңдікті қабылдауы жақсы дамыған.

Балықтар

Аквариумдағы балықтар ультракүлгінді көреді, ал айналасындағының барлығы үлкейтілген түрде көрінеді.

Құстар

Қанаттылардың көрулері өте жақсы. Түнгі құстар жарық жоқ уақытта жақсы көреді, ал күндізгі құстар адамның көзіне көрінбейтін түстерді және ультракүлгін сәулелерін көреді.

Жыландар

Жыландар күндіз кәдімгі көздерін пайдаланса, түнде басқа «көзге» ауысады. Жорғалаушылар айналасындағы жылықанды объекттердің инфрақызыл жылы дабылдарын ұстап алуға бейім. Күндіз жыландардың көру қабілеті қимыл-қозғалысқа тәуелді. Олар қимылсыз тұрған нәрсені байқамайды.

Тышқандар мен егеуқұйрықтар

Тышқандардың көздері бір-бірінен бөлек қозғалғандықтан олар екі көрініс көреді. Қоршаған орта олар үшін тұнық емес, баяу, көк-жасыл түсте.

Сиырлар

Жайылым сиырға жасыл емес, қызғылт сары және қызыл түсте көрінеді, сонымен қатар сиырларға  айнала үлкейтіліп көрінеді.

Жылқылар

Аттардың көздері қырын орналасқан, бұл оларға шалғайдан көру мүмкіндігін береді. Аталған ерекшелік аттарға төніп келе жатқан қауіпті тез сезуге көмегін тигізеді. Алайда, мұның да теріс жақтары бар. Мәселен, ат тура алдындағы нәрсені көре алмайды. Сондай-ақ, аттар бір мезгілде екі бейнені көретін болса, адамдар секілді біріктіріп, қорыта алмайды. Олардың түнде көру қабілеті адамдарға қарағанда жақсы дамығанымен, түсті ажырату деңгейі өте төмен. Яғни, аттар барлық нәрсені көк, жасыл түсте, көбіне, сұр түсте көреді.

Аралар

Аралар жарықты адамға қарағанда үш есе жылдам қабылдайды, сонымен қоса ультракүлгінді көреді.

Шыбындар

Шыбындардың көздері күрделі. Олардың көрулері, мыңдаған шағын көздер бір суретті қалыптастырғанға ұқсайды. Шыбындар ультракүлгінді көреді және әлем оларға баяу болып көрінеді.

Акулалар

Акула сияқты су асты жыртқыштары түстерді көрмейді, бірақ адамға қарағанда су астында олардың көзі әлдеқайды өткір.

Құбылғылар

Құбылғылар 360 º көре алады және көздері бір-біріне тәуелсіз қозғалады.

Түнгі жармасқылар

Түнгі жармасқылар қараңғыда адамға қарағанда 350 есе жақсы көреді.

Көбелектер

Көбелектер— таңғажайып жәндіктер. Көз жітілігі нашар болғанымен, адаммен салыстырғанда көп түстер мен реңктерді және ультракүлгінді көреді.

Дереккөз: bilim-all.kz

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған