Жаз келіп, жайды құшақ…

Жаз келгенде Қарқаралы қайталанбас сұлу көркімен, табиғатымен талайларды тамсандырады. Қыдырып келген көп туристер оның сұлулығына қарап «Қазақстанның Швецариясы» деп айтады.

Бұғылы тауының басында орналасқан Шайтанкөл табиғаттың тамаша құбылысы саналады. Жаз келгенде таулы өзендер, дала және тау көлдері бай өсімдіктер мен жануралар өлкесі – туған жерімді сұлу етіп көрсетеді. Сондықтан осы қасиетті жерді басып жүрген бүгінгі ұрпақ – ұлылар мен алыптар туған жердің топырағамен тағдырлас болған бақытты ұрпақ. Осынау жазы жазиралы өлкеде туып-өскенімді мақтан тұтамын.

Диана ТӨЛЕУ,

М.Бәпиұлы атындағы мектептің 3 «А» сынып оқушысы.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған