Желтоқсан

Желтоқсанда жастарым, 
Аяз қарып тәніңді .
Намысы үшін қазақтың ,
Құрбан еттің жаныңды .

Сол бір суық желтоқсанда ,
Бозторғай жаны шырылдап .
Қатерге тігіп бастарын , 
Алаңға шықты жастарым.

Желтоқсанның жаңғырығы , 
Жүрегімді тілгіледі.
Батыр Қайрат ,Лаззаттардың, 
Қаны бекер төгілмепті .

Желтоқсанның батырлары , 
Әдемі өмір сыйлады .
Енді міне , Қазақстан , 
Мемлекеттің іргетасын .

Берік етіп қалап алып , 
Болашаққа қадам басты .
Ерлік жасап ,құрбан болған , 
Азаттықты аңсаған .

Тәуелсіздік таңы атты ,
Ұмытпаймыз ешқашан !
Қазағымның аңсаған , 
Ар -намысын жалғаған ,
Тәуелсіздік тұрғанда , 
Арайлап атар әр таңым ! 

Берік Алтынай Айбекқызы

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған