Жердің табиғи серігі неге «Ай» деп аталған?

2015 жылдың астрономиялық ақпаратына орай, Күн жүйесінде ресми тіркелген 146 ғаламшар серігі бар. Одан бөлек, ғылыми тұрғыдан әзірге нақты дәлелденбеген 27 табиғи серік табылған. Бір қызығы, ғаламшар серіктері әр түрлі атауға ие болған.

Атап айтқанда, Каллисто, Титан Еуропа немесе Прометей сынды Шекспир кейіпкерлері мен көне грек мифологиясындағы құдайлар есімі берілген. Ал жердің табиғи серігі жай ғана Ай деп аталыпты. Неге? Астрономия ғылым саласының терминологиясында «Ай» барлық серіктердің жалпы атауы ретінде беріледі. Ал жер сергінің ғылыми атауы бар ма? Расында Жердің табиғи серігін ғылымда Крелон, Крона, Аврон және Муад’Диб атауларымен атайды екен. Ал серіктің жалпы қолданыстағы атауы – Ай. Айта кетсек, 1610 жылы белгілі ғалым Галилео Галилей Айды алғаш телескоп арқылы зерттеп, оның атауын береді. Одан бөлек, италиялық ғалым Юпитердің серігін де зерттеген болатын. Бірақ оның ғаламшар серігі екенін нақты дәлелдей алмайды. Адамзат өркениеті дами бастағалы Ай біз үшін көктегі таныс ғарыш нысаны болған. Ал өзге де серіктердің бар екені небәрі 400 жыл бұрын анықталды. Себебі Коперникке дейін ешкім де Жердің Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың бірі екенін білмеген.

Жолдаған: Бағдатова Шұғыла Дарханқызы 8 жас
Ақтөбе облысы,Темір ауданы, Алтықарасу ауылы

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған