Жоба туралы

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында әр адам өзінің туған жерін көркейтуге еңбек етуі тиіс екендігін айтты. Қазақстан – ортақ үйіміз. Оның дамуына барлығымыз мүдделіміз. Сондықтан, осы жобаны қолға алдық. Мақсатымыз – балабақша жасындағы бүлдіршіндерге, оқушыларға және ата-аналарға қызықты да пайдалы ақпарат ұсыну.

Мектепте жұмыс істеп жүргенде байқағаным, оқушылар оқулықта көрсетілген ақпаратпен шектеліп қалғысы келмейді. Әрі қарай ізденіп, табиғаттың тылсым жаратылысының сырын білуге ұмтылады. Әйтсе де, интернеттен қазақша ақпарат таба алмай, тауы шағылып жатады. Бұл кемшілікті жоюға аз да болса үлес қосу – менің азаматтық және ұстаздық борышым.

Біздің көздегеніміз – балалардың бойындағы ұлттық рухты оятып, ұлттық кодымызды сіңіру. Қазақ тәрбиесі ертегімен басталады. Бүгінде немересін әлдилеп, ертегімен ұйықтататын әжелер жоқтың қасы. Баласына ертегі айтқысы келетін, бірақ, білмейтін ата-аналар бар. Сондықтан, қазақ ертегілерін топтастырып жатырмыз. Ертегі тыңдап өскен баланың қиялы ұшқыр болады. Елбасымыздың Жолдауда айтқан «Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге назар аудару» дегені осы.

Адам қолына алғаш қалам ұстаған кезде дәптердің парағын шимайлайды. Есейген шағында ешкімге айтпайтын құпиясын дәптермен бөліседі. Атақты ақын-жазушылар да өздерінің алғашқы шығармасын дәптердің парағына жазып қалдырған. Бір сөзбен айтқанда, дәптер – білімге ұмтылған алғашқы күннен бастап адамның ажырамас серігіне айналады. Сондықтан да, сайтымызды Dapter.kz деп атадық. Дәптеріңіз әр кез жаныңызда болсын, жас дос!

Құрметпен,

Dapter.kz порталының бас редакторы,

Теміртау қаласы №9 мектеп-лицейінің Биология пән мұғалімі

 Ержан Арай.